Астанада бірқатар көшелер жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы жолдарында көлік жүретін бөліктің төсемін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын өткізуге байланысты көлік қозғалысы шектелді.

Астанада бірқатар көшелер жабылды

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төмендегі көшелерде көлік құралдарының қозғалысы шектелінеді:

-   Абай даңғылы бойынша Уәлиханов көшесінен Бейсекбаев көшесіне дейінгі учаскеде, Жұбанов көшесінен Пушкин көшесіне дейін, (жол төсемінің орта деңгейдегі жөндеуі жүргізілуде, қозғалыс жартылай шектелген) 25 қыркүйекке дейін;      

-   Оқжетпес көшесі бойынша Байтұрсынов көшесінен Бейсеков көшесіне дейін, (жол төсемінің шұңқұрлы жөндеуі жүргізілуде, қозғалыс жартылай шектелген) 11 қыркүйекке дейін;      

- Тәуелсіздік даңғылы бойынша Б.Момышұлы Байтұрсынов көшелеріне дейін (құдықтарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, қозғалыс жартылай шектелген) 9 қыркүйекке дейін;   

- Конституция көшесі бойынша С. Мұхамеджанов көшесінен Қарталы  көшесіне дейін, (жол төсемінің жөндеуі жүргізілуде, қозғалыс жартылай шектелген) 12 қыркүйекке дейін;   

Аталмыш учаскелерде жұмыстарды жүргізу кезеңінде тиісті белгілер орнатылды.