Астанада бірнеше көшенің учаскелері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірден бірнеше көшеде жөндеу жүргізіліп жатыр.
None

Осыған байланысты жөнделетін учаскелерде қозғалыс уақытша жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, жол төсемін жөндеу Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында жүргізілуде.

Осыған байланысты 26-27 тамыз аралығында осы учаскеде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

26-31 тамыз аралығында Тәшенев көшесінен Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Республика даңғылында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Мұнда да жөндеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа, орташа жөндеу 26-31 тамыз күндері Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралықтағы Түркістан көшесі жабылды.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар