Астанада Бизнес орталығында орналасқан дәмхана өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың оң жағалауында дәмхана өртеніп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.
None
None



"Өрт Бейбітшілік көшесіндегі «Драфт» дәмханасынан шықты. Дәмхана төрт қабатты «Өркен» бизнес орталығының ғимаратында орналасқан. Шақыртудың үшінші нөмірі жарияланды", - деп мәлім етті Р.Иманқұлов.

Оқиға орнына жеке құрамның 60 адамы және мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің 25 техникасы жұмылдырылған.

"Толыққанды ақпарат кейінірек хабарланады. Зардап шеккендер жоқ", - деді ресми өкіл. 


Соңғы жаңалықтар