Астанада «Благодать» діни бірлестігінің бұрынғы жетекшісі қамауға алынды
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше астаналық полиция қызметкерлері «Благодать астаналық қайырымдылық миссиясы» діни бірлестігінің бұрынғы жетекшісі, қазір осы ұйымның пасторы Б. Қашқымбаевты ҚР ҚК-нің 103-бабымен қаралатын қылмыс жасады деген күдікпен ұстады.
Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.
«Благодать» миссиясы мүшесінің психикалық денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс өткен жылдың қазан айында қозғалған.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат Астана қаласы ІІД уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.