Астанада болашақ екі жаңа машинажасау зауытының орнында символдық капсулаларды салу шарасы өтті

деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК (ҚТЖ) баспасөз қызметі.
Салтанатты шараға Индустрия және жаңа технологиялар министрі, вице-премьер Әсет Исекешов, Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мәмин қатысты.
Мемлекеттің қарқынды дамуының алғышарттары ретінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы қатарлы технологиялар негізінде терең циклды өндіру кәсіпорындарын дамытуды нақтылап берген еді. 2010 жылғы қаңтардың 1-інде жылдамдатылған индустриаяды-инновациялық дамудың бесжылдығы басталған, ол 2015 жылы аяқталған уақытта елдің ішкі рыногының сұраныстарының 80 пайызы отандық өнеркәсіптер есебінен қанағаттандырылуы қажет.
Алға қойған міндеттерді шешуге бағытталған жобалар қатарында - Астана қаласында француздық «Alstom» компаниясы мен ресейлік «Трансмашхолдинг» ЖАҚ-мен бірлесе отыра электроводар шығаратын зауыт пен испандық «Patentee TaigoSA» компаниясының технологиялары бойынша вагон құрастыру және оны жөндеуге арналған зауыт бар.
Электровоздарды шығару қазақстандық-ресейлік-француздық бірлескен кәсіпорында қазіргі заман талабына сай және дамыған технологияларды пайдалана отырып, жүзеге асатын болады.
2010 жылғы маусымның 19-ында Санкт-Петербор қаласында өткізілген экономикалық форумда қол қойылған келісімге сәйкес, бірлескен кәсіпорынның өнімі бірінші кезекте қазақстандық рыноктың сұранысын қанағаттандырып, одан қалды өзге елдерге де экспортқа шығарылмақ. Жоба Франция үкіметінің қаржылық кепілдемесімен бекітілген, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.