Астанада боран: Қалың қар мен қатты жел қаланың мазасын қашырып тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Бірнеше күннен бері Қазақстанның астанасында қалың қар жауып, боран соғып тұр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істегеніне қарамастан, қала стихиялық ахуалдан арылатын емес.

трасса, закрыта дорога, метель, автомобиль, буран, автожол, жол жабық, боран, көлік
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Астана әкімдігінің хабарлауынша, 21 қаңтар күні таңертеңнен бері қарды тазалауға 2700-ден астам жұмысшы мен 1600-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Бір түнде Астанадан 31 мың текше метр қар шығарылып, 2509 сапар жасалды.

трасса, закрыта дорога, метель, буран, снегоуборочные машины, қар тазалау машиналары, автожол, жол жабық, боран
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Орталық көшелерді, қоғамдық көлік бағыттарын, аялдамалар мен тротуарларды тазартуға барынша күш салынуда. Дегенмен, жауын-шашын мөлшері мен қатты жел тазалық жұмыстарын қиындата түсуде.

21 қаңтар күні кешке қарлы боран қала жолдарында көлік кептелісін тудырды. 2GIS деректері бойынша кептеліс 8 баллға жетті.

Пробки кептеліс
Фото Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

CTS бірқатар қала маңындағы бағыттардың, соның ішінде №318, сондай-ақ №305, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328 және 329 бағыттарының жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлады.

Ауа райының қолайсыздығы Астана әуежайында рейстің кешігуіне себеп болды. Әуежайдың баспасөз қызметі 21 қаңтар күні сағат 14:00-ден 22 қаңтар күні сағат 11:00-ге дейін қолайсыз ауа райы болжамы туралы ескертті:

Желдің екпіні - 22 м/с дейін;

Ауа температурасы - күндіз -2°C, түнде -18°C;

Түнде көріну - 500 м дейін.

аэропорт, самолет, SCAT, рейс, вылет, задержка рейса, метель, отмена рейса, әуежай, қар, рейстің кешігуі, рейсті тоқтату
Фото: Kazinform

Жолаушылардан әуежайдың веб-сайтындағы соңғы ақпаратты қадағалау немесе 8 (7172) 702-999 телефоны бойынша байланыс орталығына хабарласу ұсынылады.

Сондай-ақ Астана Төтенше жағдайлар департаменті «Астана-Қорғалжын» тас жолында (19–124 км) көліктің барлық түрлеріне қозғалысқа шектеулер жариялады.

Құтқарушылар 112 қызметінің ескертулеріне құлақ асуды және қала сыртына шығудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады.

Бұған дейін ауа райы қолайсыздығынан далада қалған жолаушыларға қосымша пойыз жіберілді.

Соңғы жаңалықтар