13:51, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Астанада босқындардың және баспана іздейтін тұлғалардың құқықтық жағдайының нормативтік-құқықтық базасымен байланысты мәселелер талқыланды
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Орталық Азиядағы Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасының Өңірлік үйлестірушісі Сабер Азаммен кездесті,
деп хабарлады омбудсменнің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар босқындардың, сондай-ақ баспана іздейтін тұлғалардың құқықтық жағдайының нормативтік-құқықтық базасымен байланысты мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ мемлекеттік органдардың БҰҰ БЖКБ өкілдерімен әрі қарай өзара әрекеттесудің қажеттілігі туралы ортақ пікір айтылды.