Астанада бойжеткен автобустан құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада автобус жүргізушісіне қатысты соталды тергеу басталды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.
«9 тамызда сағат 19.10-да №31 бағыттағы жолаушылар тасымалдау автобусының 40 жастағы жүргізуші «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» аялдамасында қозғалыс қауіпсіздігін сақтамаған. Ол автобус есігін жаппай жүріп кеткен. Соның салдарынан көлік салонының шығаберіс сатысында тұрған бойжеткеннің құлап кеткен», - делінген баспасөз баянында.
Оқиғадан түрлі деңгейде жарақат алған 16 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізілді. ІІД ҚР РК 245-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу бастады.
Жүргізушінің бұған дейін де жол қозғалысы кезінде телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белбеуін тақпау, апатты жағдай жасағаны үшін бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы анықталды.
Айта кетейік, қала бойынша жыл басынан бері 1200 қоғамдық көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.