Астанада бір күнде 500-ден астам адам жарақат алды

Астанада бір күнде 500-ден астам адам жарақат алды
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада бір тәулік ішінде 508 адам жарақат алған. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«12 ақпанда сағат 8:00-ден 13 ақпанда сағат 8:00-ге дейін 508 адам жарақат пункттеріне жүгінді. Оның ішінде 262 пациент көшеде жарақат алған. Биыл 7 ақпаннан 12 ақпанға дейін қаладағы жарақат пункттеріне 2 200-ге жуық адам қабылданды. Оның ішінде 1 000-нан астамы далада жүріп жарақат алған», - делінген хабарлама.

Айта кетсек, елорда әкімдігі жауын-шашынның мөлшері айлық нормадан асып түскенін хабарлады. 

«Қалада бірнеше күн бойы қалың қар жауып, боран соқты. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар мен тротуарлар мұзға айналды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», - дейді әкімдіктен.

Ақпаратта айтылғандай, өткен түнде коммуналдық қызмет қаладан 38 мың текше метр қар шығарған.

Соңғы жаңалықтар