Астанада бразилиялық киноның VI фестивалі өтеді

Қазақстан Республикасындағы Бразилия елшілігінің ресми сайтында хабарланғандай, көрермендердің назарына 2000-2007 жылдары жарық көрген 4 кино ұсынылады: «Лисбела және қылмыскер», «Босса Нова», «Нельсон Фрейре» және «Менің есімім Джонни емес».
«Лисбела және қылмыскер» романтикалық фильмдерді сүйетін қыз бен жалдамалы жанкешті іздестіріп жүрген алаяқтың оқиғасы туралы баяндайды.
«Босса Нова» - Рио-де-Жанейрода кездесіп, осында қош атйсатын адамдар туралы - романтикалық комедия.
«Нельсон Фрейре» - халықаралық БАҚ Сергей Рахманинов, Альфред Корт, Артур Рубенштейнмен салыстырған, фортепианоның аңызы деп атаған белгілі пианисттің өмірі туралы - деректі фильм.
«Менің есімім Джонни емес» картинасы ата-анасының сүйіктісі, әп-сәтте нашақорға айналып, түрмеге түскен жеткіншектің өмірі туралы баяндайды.
Фильмдер күн сайын, сағат 19.30-да «Сары-Арқа» ОСО-ның Кинопаркінде көрсетіледі. Кіру - тегін.