Астанада британдық «Филармония» оркестрінің концерті өтті

Концерт бағдарламасына екі музыкалық туынды кірді. Атап айтқанда, белгілі қазақстандық актер Филип Волошиннің қатысуымен Игорь Стравинскийдің «Сарбаздың оқиғасы» аспаптық сюитасы және атақты британдық опера әншісі Кэтрин Харристің қатысуымен Уильям Уолтонның «Фасад» шығармасы орындалды. Концерт барша әлем мойындаған дирижер Робин О'Нилдің жетекшілігімен өтті.
«Филармония» оркестрінің концерті Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның 2013 жылғы шілде айындағы Қазақстанға сапары шеңберінде жоспарланған Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мәдени байланыстарды нығайту жөніндегі іс-шаралар топтамасындағы алғашқы шаралардың бірі болып табылады.
Бұл өнер ұжымы британдық классикалық музыка саласында мойындалған новатор және музыкалық жазбаның таңғаларлық тарихына ие әлемдегі жетекші оркестрлердің бірі болып табылады.