Астанада бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні өтті

АСТАНА. KAZINFORM -  «Таза Қазақстан» экологиялық кампаниясы аясында және «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» мерекесіне орай Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері жәнеЮНИСЕФ-тің экологиялық белсенділері ағаш отырғызу акциясын өткізді.

ағаш
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Министрліктің мәліметінше, бұл Президенттің экологиялық жағдайды жақсарту бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыруда маңызды қадам болып саналады. 

ағаш
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

ТРЦ «Хан Шатыр» аумағында 100 ағаш (дуб, терек, клен) отырғызылса, Ботаникалық бақта 500 ағаш (алма, шие, ирга, жимолость, тал) отырғызылды. Акцияға 300-ге жуық қатысушы жиналды. 

ағаш
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында қоғамда тазалық мәдениеті орнығуы қажет екенін атап өтті. 

ағаш
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Айта кетейік, ел аумағында отырғызылған ағаштың 60 пайызы жерсінеді.

 

Соңғы жаңалықтар