Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлады деген күдікке ілінді

Ұрлық осы жылдың тамыз айында жасалған. 5 айға жуық уақыттан кейін жүргізілген тексеру барысында 3 миллион 760 мың теңге көлеміндегі ірі қаржы тапшылығы анықталған, деп хабарлайды Kazinform.

Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлады деген күдікпен ұсталды
Фото: polisia.kz

Бейнебақылау камераларын қарап шыққан тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түскен. Бейнежазбада таңғы уақытта бетін жауып алған ер адамның банк филиалының ғимаратына қалай кіргені көрсетілген. Ол банк аппаратын ашып, қолма-қол ақша салынған дискілерді алып кеткен.

Ұрлыққа бұрынғы инкассатордың қатысы бар екені белгілі болған. Бұған дейін 27 жастағы күдікті 2 ай жұмыс істеп, ақша тасымалдаумен айналысқан. Ол жұмыстан шыққаннан кейін банкоматтың кіру кодтарын білетін болғандықтан ақша ұрлауға бел буған.

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ер адам кінәсін мойындады. 

Соңғы жаңалықтар