Астанада бұршақ аралас жаңбыр жауды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана тұрғындары әлеуметтік желілерде қаланың кей бөлігінде жауған бұршақ аралас нөсер жауынның видеоларымен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Астаналықтардың айтуынша, қалада табиғи катаклизм бірінші рет болып тұрған жоқ. Мәселен, бүгін сағат 13.00-ден бастап Оңтүстік-Шығыс ауданында жарты сағатқа жуық күшті желмен қоса нөсер жаңбыр жауып, соңы бұршаққа ұласса, ескі орталыққа тіпті бір тамшы жаңбыр да түспеген.
Телеграм арнасында қала тұрғындары жаңбыр мен бұршақтың ғана емес, су басып қалған көше мен қиылыстардың да суреті және видеоларымен бөлісті. «Жолдағы жағдай қалай, астаналықтар?», «Жетісу» саябағында бұршақ жауды», «Мен өзендемін!» тақырыптарындағы роликтер тарап жатыр.

Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары нөсер жауын салдарын жоюға 125 техника жіберілгенін Астана қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Астана көшелеріне тазартқыш көлік, мотопомпалар шығарылды. Сонымен қатар, күн сайын қалада коллекторлар мен жаңбыр жиналатын жерлер, құбырлар орналасқан орындар тазаланып, су сорылады.Айта кетсек, биыл астанада 2,5 шақырым жауын құбыры салынады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар