Астанада Даму мақсатындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасына қол қойылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев және БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты координаторы Стивен Тулл 2016-2020 жылдарға арналған Даму мақсатындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасына қол қойды.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Құжатқа Халықаралық еңбек ұйымы, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы ЮНЭЙДС, ЮНКТАД, БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ қоғамдық ақпарат департаменті, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, ЮНЕП, ЭСКАТО, ЮНЕСКО, ЮНФПА, БҰҰ БЖКБ, ЮНИСЕФ, ЮНИДО, БҰҰ апат қауіп-қатерін азайту бюросы, БҰҰ Есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасы, ЮНОПС, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін первентивті дипломатия бойынша аймақтық орталығы, БҰҰ Еріктілері, БҰҰ Әйелдер, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы секілді БҰҰ жүйесіндегі 21 ұйымның өкілі қоса қол қойды. Негіздемелік бағдарлама Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін және еліміздегі алдағы 5 жылда БҰҰ қызметінің негізгі бағыттарын белгілеу мақсатында ҚР және Ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Даму мақсатындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы «Қазақстан-2050» стратегиясында», ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған бес институционалдық реформада, «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты және 2015 жылдан кейінгі Тұрақты даму мақсаттарында айқындалған бағыттарды негізге алады. Атап айтқанда, бағдарламаның 3 маңызды бағыты бар: теңсіздіктерді қысқарту және адам дамуын жетілдіру, мемлекеттік институттардың инновациялау қабілетін арттыру және нығайту, халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты күшейту.

Соңғы жаңалықтар