Астанада дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада биыл 25 жылдығын атап өтетін дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі ұйымдастырылады. Іс-шара 14 ақпанда Есіл өзенінің жағалауындағы Орталық саябақтағы Кенесары хан ескерткішінің маңында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді
Фото: Астана әкімдігі

Фестиваль белсенді демалысқа, спорттық жарыстар мен ерекше эмоцияларға толы үлкен алаңға айналмақ. Іс-шараның басты мақсаты — бұқаралық спортты дамыту, қысқы спорт түрлерін насихаттау және салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың басын қосу.

Астанада дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді
Фото: Астана әкімдігі

Бағдарлама аясында спорттың 13 түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Атап айтқанда: шаңғы жарысы, гір спорты, қол күрестіру, пимамен хоккей, белбеу күресі, мотокросс, автоспорт, арқан тарту, қысқы шағын футбол, қар лақтыру сайысы, қысқы волейбол, мас-рестлинг және көңілді тюбинг жарыстары.

қол күрес
Фото: Астана әкімдігі

— Фестивальге қатысушылар өз мүмкіндіктерін байқап, бағалы сыйлықтар үшін бақ сынай алады. Қатысушыларды тіркеу 08:30–10:00 аралығында жүргізіледі, жарыстар сағат 10:00–де басталады. Қатысу — тегін, — делінген хабарламада.

мотоспорт
Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін биыл елімізде 20-дан астам ірі халықаралық жарыс өтетіні мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар