Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 17-18 қаңтар күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алматыда жыл соңына дейін жәрмеңкелер аптасына 3 рет өтеді
Фото: Алматы әкімдігі

— Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет өнімдері, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады, — делінген хабарламада.

Іс-шара 17 және 18 қаңтар күндері сағат 10:00–ден 19:00–ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді. Мекенжайы: Алаш тасжолы, 35Б.

Келушілерге қолайлы болу үшін жәрмеңке маңынан № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.

Бұдан бұрын қауіпті вируспен залалданған қызанақ тұқымдары Астана әуежайынан өткізілмек болғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар