Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 28 ақпан мен 1 наурыз күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды қолжетімді бағада сатып ала алады.
Іс-шара 28 ақпан және 1 наурыз күндері сағат 10:00–ден 19:00–ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35Б) өтеді.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағытындағы автобустар қатынайды.
Айта кетелік Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров экспорт пен ішкі нарықтағы ет бағаларын салыстырып, әділ бағасы қанша теңге болуы керегін айтқан еді.