11:29, 10 Қазан 2011 | GMT +5
Астанада демалыс күндері 1 301 жүргізуші жолда жүру ережесін бұзды
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Астана қалысының жол полицейлері жолда жүру ережесін бұзған 1 301 жүргізушіні ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасынан мәлім етті.

1 301 жүргізушінің 29-ы көлікті мастық күйінде басқарғаны үшін, 17-сі - жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткені үшін, 25-і - темір тұлпарын құжаттарсыз айдағаны және 41-і - қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін тоқтатылды. Сондай-ақ, межеленген жылдамдықты асырғаны үшін 93 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылып, 18 машина айып тұрағына жеткізілді.