12:52, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
Астанада демалыс күндері рөлге мас күйінде отырған 18 көлік жүргізуші ұсталды - ІІД
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада 7 және 8 қаңтар күндері 18 мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Астана қалалық Жол полициясы басқармасы.

«Демалыс күндері Жол полициясы қызметкерлері қаладағы жол қозғалысын шолу кезінде 1 091 жол ережелерін бұзу фактісін анықтады. Соның ішінде 18 жүргізуші көлікті алкогольді ішімдікті ішіп айдағаны үшін ұсталды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Қалада жылдамдық асырған - 239, жолдың қарсы бағытына шыққан - 10, құжатсыз көлік жүргізген - 18, көлік басқарып келе жатып, ұялы телефонмен сөйлескен 38 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылды. 11 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді.