Астанада демалыс күндері жаңбыр жауады - синоптиктер
Температура түнде +17-ден +20°C-қа дейін, күндіз +27-ден +32°C-қа дейін көтеріледі. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК-дан мәлім етті.
«Астанада жұма күні күн бұлттанып, аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с-пен соққан желдің екпіні жаңбыр кезінде 15 м/с дейін жетеді. Температура түнде +17+19°C, күндіз +30+32°C болады»,-делінген Қазгидромет хабарламасында.
Сенбі күні де осы күн райы сақталады. Күн бұлттанып, аздаған жаңбыр жауады, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні жауын-шашын кезінде 15-18 м/с-қа жетеді. Температура түнде +18+20°C, күндіз +30+32°C.
Демалыс күні де жауын жауып, күн күркіреуі ықтимал. Оңтүстіктен тұрған жел батысқа ауысып, секундына 9-14 метр, кей жерлерде 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +18+20°C, күндіз +27+29°C болады.