Астанада денсаулығын түзету қажеттілігі бар балалар үшін мектеп неге салынбай жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада түзету мектептері жетіспейді. Арнайы нысандар жаңадан ашыла ма? Бүгін мәселе қалалық мәслихат отырысында қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов қалада денсаулығына байланысты түзету қажеттілігі бар балаларға арналған мектептердің жетіспейтіндігін айтты.

«Қаладағы түзету мектебінің бірі тозған, екіншісіне жөндеу жұмыстары жүрмеген. Одан бөлек, аталған мектептерге ұзын-сонар кезек. Бір ауданнан екінші ауданға балаларды жеткізу – проблема. Бұған дейін сол жағалауда жаңа түзету мектебін салу қажеттігі туралы айтқан болатынбыз», - деді ол.

Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиевтің айтуынша, мұндай мектептің әлі жобасы жасақталмаған.

«Түзету мектебі бойынша жерге өтініш бердік. Толық жауабын берген жоқ, жер таппай жатыр. Осы жылы жобалап, келесі жылы құрылысына кірісу керек», - дейді басқарма басшысы.

Айта кетсек, мәслихат отырысында үш ауысымдық оқу және мектеп орындарының жетіспеушілігі мәселелері көтерілді.

Сондай-ақ, елорда мектептерінде ас мәзірі мен тағам әзірлеу әдісі біркелкі болатыны айтылды.


Соңғы жаңалықтар