Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық отырысында cөз сөйлейді. Жиынға Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок қатысып отыр. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды
Фото: Ақорда

— Спикерлердің қатарында Telegram негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Павел Дуров, Sinovation Ventures және 01ai бас директоры Ли Кай Фу, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стербулаев және high-tech индустриясының басқа да өкілдері бар, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатқаны хабарланаған едіі.

 

Соңғы жаңалықтар