Астанада Дж. Вердидiң «Аида» операсы ашық аспан астында қойылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда күнiне орай, Астанада 1-2 шiлде күндері Дж. Вердидiң "Аида" операсы қойылатын болады.
None
None

Бұндай көлемдегi қойылым ашық аспан астында өтедi деп жоспарлануда. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялық қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Төлеубек Әлпиев мәлiм еттi.

"Бұл спектакльдi бiз тамаша мерекеге орай - Астана күнiне арнап отырмыз. Ашық аспан астындағы қойылым - театрдағы ерекше жанр. Онда көптеген факторлар ескерiледi: театралдық алаңның ауқымды аумағы, сахнаның ерекше орналасуы, әртiстердiң кең құрамы, үлкен аудитория, сонымен бiрге арнайы жарық пен бейнеаппаратура", - дейдi театр басшысы.

Жобаға танымал ресейлiк әртiс Юрий Александров жетекшiлiк етпек. Юрий Александров кезiнде Күләш Байсейiтова атындағы опера және балет театрын және жаңадан салынған "Астана Опера" театрының ашылуында болды. Қазақстанда режиссер бiрнеше тамаша қойылымдар жазған едi. Соның iшiнде елордалық театрдың бетке ұстар қойылымы - "Бiржан-Сара" операсының авторы.

"Бiз қойылымның мысырлық атмосферасын толықтай берудi жоспарлаудамыз. Ол үшiн арнайы костюмдер мен декорациялар қолданылады. Бүгiнде қызу жұмыс жүрiп жатыр, соның барлығы астаналық көрермендер үшін жасалуда. Әрине, осындай ауқымдағы қойылымды ашық аспан астында ұйымдастыру қиынның қиыны, бiрақ бiз қолдан келгеннiң барлығын істейміз. Ауа-райынан қорықпаймыз. Жаңбыр болмасын деп тiлеймiн", - дейдi Ю. Александров.

Мысырлық атмосфераны сезiнуге Астанадағы "Пирамида" ғимараты да қолданылады. Iрi-iрi декорациялар, ақ тұлпарға мiнген салт аттылар, керемет костюмдер - барлығы астаналықтарды тамаша сезiмге бөлейдi.

Соңғы жаңалықтар