Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді
Астанада 12-15 қараша күндері дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Kazinform.
Республикалық додаға еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 500-ге жуық дзюдошы қатысады.
Олардың арасында бүгінде ұлттық құрама сапында әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген Нұрқанат Серікбаев, Данияр Шамшаев, Ислам Бозбаев, Ғалымжан Қырықбай, Бауыржан Нарбаев, Есет Қуанов, Ғалия Тынбаева, Камила Берліқаш сынды белгілі балуандар бар.
Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2024-2025 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Астанада еркін күрестен өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды.