Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы хабарлады. 

 Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Фото: freepik.com

- 2025 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.

Еске салсақ  13 ақпан сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылған еді.

Қарағанды облысы бойынша  "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті" автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы бойынша "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті" автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар