12:20, 12 Қаңтар 2026 | GMT +5
Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
АСТАНА. KAZINFORM – Екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы хабарлады.
– Ауа райының нашарлауына байланысты 2026 жылдың 12 қаңтарында екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшеді, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін 12 қаңтарда елдің барлық аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған едік.
Сондай-ақ Алдағы күндері –38 градусқа дейін аяз болатыны хабарланды.