Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада кешеден бері аяздың беті қайтпай тұр. Сол себепті оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.  

Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

— 2026 жылғы 27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Айта кетелік бүгін таңертең ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылған еді

Сонымен қатар Павлодар облысы, Абай облысы және Шығыс Қазақстан облысының оқушылары да қашықтан оқыды

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум