Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада таңнан аяз күшейіп тұр. Сол себепті оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

— 2026 жылғы 26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Айта кетелік СҚО мен Көкшетауда оқушылар аязға байланысты қашықтан оқуға көшірілген еді

Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағытта жол жабылған еді

Соңғы жаңалықтар
Референдум