Астанада «Экономикалық дамудың неоиндустриялық үлгісі және келешекті инновациялық кластерлерді қалыптастыру» атты пленарлық сессия өтеді - ҚР БҒМ

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты 24 мамырда алдағы VI-шы Астаналық экономикалық форум шеңберінде «Экономикалық дамудың неоиндустриялық үлгісі және келешекті инновациялық кластерлерді қалыптастыру» атты пленарлық сессиясын өткізеді.

Астанада «Экономикалық дамудың неоиндустриялық үлгісі және келешекті инновациялық кластерлерді қалыптастыру» атты пленарлық сессия өтеді - ҚР БҒМ

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында болатын жиынның мақсаты - Қазақстанда экономикалық дамудың неоиндустриялық үлгісін жүзеге асыру тиімділігін талқылау мүмкіндігі, шетелдердің инновациялық даму және өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тәжірибесін қарастыру, мәселелерді шығару және оларды шешу бойынша ұсыныстар дайындау. Форумға қатысушыларға ҚР БҒМ ҒК Экономика институтында дайындалған «Қазақстандағы келешекті инновациялық кластерлерді қалыптастыру тұжырымдамасының» жобасы таныстырылады.

Пленарлық сессияның нәтижесі бойынша, шетелдік тәжірибені ескеріп дамудың неоиндустриялық үлгісінің келешегін, индустрияландырудың келесі фазасының келешектегі технологиялық бағыттарының дамуына арналған қарар қабылданбақ. Сондай-ақ Кластерлік даму қауымдастығын құру және ынтымақтастық жайлы меморандумға кол койылады.

Қосымша ақпараттарды ҚР БҒМ ҒК Экономика институтында келесі телефондар бойынша: + 7(7272) 720540, +77017755973 немесе www.ieconom.kz. сайтынан алуға болады.