Астанада ЭКСПО көрмесін қорытындылауға арналған Еуразиялық форум өтеді

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қыркүйек айының 7-8 аралығында «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберіндегі қорытынды шара - «Болашақтың энергиясын қалыптастыру» ХІ Еуразиялық KAZENERGY форумы өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

ХІ KAZENERGY Еуразиялық форумын ҚР Үкіметі мен Энергетика министрлігінің қолдауымен KAZENERGY қауымдастығы өткізеді. Шара көрменің аса маңызды іс-шаралар кестесіне енгізілген. Форум БҰҰ аймақтық комиссиялары аясында 2017 жылғы 11-14 маусымда Астанада өткізілген Тұрақты дамуға арналған энергетика жөніндегі 8-ші халықаралық форум мен «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» конференциясы шеңберінде басталған сұхбаттың жалғасы болмақ.

ХІ KAZENERGY Еуразиялық форумында әлемдік энергетика компанияларының тұрақты энергетика көздерін тиімді басқаруға, энергия ресурстарының өндірілуін, сақталуын және пайдаланылуын бақылауға, энергия көздеріне қол жеткізуге, климаттың өзгеруімен және көмірқышқыл газы шығарылындарын төмендетуге, баламалы энергия көздерінің пайдаланылуын ынталандыруға, энергиялық тиімділік бойынша бағдарламаларды және «ақылды» энергетиканы енгізумге, уран және атом саласын инновациялық тұрғыда дамытумен байланысты сұрақтар мен мәселелер талқыланбақ.

«Бүгінгі таңда мұнай-газ қоғамдастығы эволюциясының жаңа кезеңі басталып кетті. Біз бұл кезеңді неғұрлым жылдам еңсерсек, елдің басым көпшілігін жнергиямен қамтамасыз етудегі тұрақтылық та соғұрлық жылдам орнайды. Дәстүрлі энергетика баламалы көздерден басым болады. Саланы инновациялық, энергиялық тиімді «қайта жарақтандыру» бұл ретте оның сәтті дамуының негізін қалаушы факторы болмақ. Экономикасы 100 жылдан кейін артық уақыт бойы мұнай-газ орындарын игеруге негізделген Қазақстан үшін бұл аса маңызды. Əлемдік "Eni", "Роснефть", CNPC", "Sokka", "Қазмұнайгаз" қатарлы ірі компаниялармен концорциум құру туралы келісімге қол жеткіздік. Форумда біз бұл жобаның дамуын талқылайтын боламыз», - дейді KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин.
null

Шара бастысы ең бастысы 2017 жылы KAZENERGY қауымдастығы HIS Markit-пен бірлесіп дайындаған «KAZENERGY 2017» ұлттық энергетикалық баяндамасының таныстырылымы болмақ. Баяндама 2015 жылғы нұсқа ретінде, бірақ Қазақстан Үкіметімен айқындалған жаңа  мақсаттар мен міндеттердің ескерілуімен жасалған. Оның жиынтығында еліміздің ОЭК-ін құрайтын Қазақстан экономикасының базалық секторларының ағымдағы жағдайы мен даму келешегі жөнінде кешенді түсінік беруге бағытталған.

Форумға Бірікккен Араб әмірліктері, Исландия, Боливия, Грузия, Финляндия елдері мен Дүниежүзілі мұнай кеңесінен өкілдер келеді.

Соңғы жаңалықтар