Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің өткізілуі - батыл және өте салмақты қадам - Ресей Федерациясының Еуроодақ жанындағы тұрақты өкілі Владимир Чижов

bsp;БРЮССЕЛЬ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тиімділігіне қатысты әр кездері түрлі пікірлердің айтылып келгені құпия емес, ал соңғы кездері оның атына көптеген өткір сындар айтылды. Сарапшылардың бағалауынша, бұл бірқатар факторлармен
None
None


мазмұндалады, Мысалы, ЕҚЫҰ елдерінің қазіргі заманғы геосаяси трансформациялану үдерісіндегі бір жақты емес ұстанымын айта кетуге болады. Бұл құрылымның аясында түйінді мәселелер әлі де баршылық - олар жылдар бойы қордаланып, халықаралық саясаттың әлемдік субъектілерінің геосаяси мүдделері тоғысқан жерлерде туындап отырған.


Желтоқсан айындағы Астанада ЕҚЫҰ саммиті Ұйымның қызметіне жаңаша серпін беру, стратегиялық бағыттарды және осынау халықаралық құрылымды дамытудың «жол картасын» анықтау мақсатында өткізілгелі отыр.

Төтенше және Өкілетті Елші, Ресей Федрациясының Еуропалық Одақ жанындағы тұрақты өкілі Владимир Чижов қазақстандық журналистерге берген сұхбатында ЕҚЫҰ-дағы проблемалар, Ұйымның аясындағы Ресей мен Қазақстанның бастамалары, сондай-ақ алдағы ЕҚЫҰ саммиті туралы әңгімелеп берді.

- Владимир Алексеевич, бүгінде көптеген халықаралық сарапшылар ЕҚЫҰ-ның қағидалары мен жұмысы біршама ескірген және замана ағымына сай келмейді дегенді айтып жүр. Осыған қандай уәж айтар едіңіз?

- Менің көзқарасымша, ЕҚЫҰ-ның жұмыс қағидалары емес, ЕҚЫҰ жұмысының тәжірибесі ескірген және қағидаларға сол сай келмей отыр. Бұл жердегі проблеманы Ұйымның базалық қағидалардан алшақтауынан көремін. Себебі кезінде ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушылар бұл жобаны бастаған кезде, бірқатар қағидаларға, бірінші кезекте, Хельсинкидің 10 қағидасына негізделген кеңес, кейіннен ұйым құру туралы сөз болған еді. Сәйкесінше ЕҚЫҰ аясында әскери-саяси өлшем, экономикалық және экологиялық өлшем, сондай-ақ гуманитарлық әлем сияқты үш негіз қалыптасқан болатын. Бірақ та, іс жүзінде біз акценттердің мазмұндық және географиялық тұрғыдан ығысып кеткенін көріп отырмыз. Географиялық тұрғыда - барлық белсенділік Венадан шығыс жақтағы аймаққа жұмылдырылса, мазмұндық жағынан - гуманитарлық өлшемге ойысып кетті. Дәл осы жайт кезінде бір топ елді ЕҚЫҰ жұмысына қанағаттанбайтындары туралы мәселені көтеруге итермеледі, олардың қатарында Ресей мен Қазақстан да бар. Министрлер атынан ұжымдық хат жазылды. Бұл мәселелер қаралды және бірді-екілі мәселе шешілді. Қалай болғанда да, ешкім бүгін Ұйымға реформа қажеттігін жоққа шығармайды. Брюссельге келгенге дейін, мен осы мәселемен тікелей айналысқан кезде, кімді де болса бұл тақырыпты талқылауға көндіру қиындау болатын. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Грекия төрағалығының тұсында басталған «Корфу процесі» қазақстандық төрағалықтың тұсында да талқылануда. Әрине, бұл еуроатлантикалық қауіпсіздіктің барлық проблемасын шешпейді, себебі ЕҚЫҰ, басқа проблемаларды айтпағанның өзінде, құрылғалы бері бірде бір заңды міндеттеуші құжат қабылдаған жоқ. ЕҚЫҰ-ның барлық құжаттары, оның ішінде негізгілері де, - тек саяси құжаттар.

- Шілденің 16-17-сінде Алматыда өткен ЕҚЫҰ елдері сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде Ұйымға төрағалық етуші елдің басшысы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еуропалық және азиялық қауіпсіздік кеңістіктерін жаһандық жүйеге біріктіру туралы ұсыныс жасады. Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев те еуропалық қауіпсіздік туралы жаңа келісімшарт қабылдаудың қажеттілігі туралы бастама көтеріп отыр. Осы бастамалар туралы не айтар едіңіз?

- Қауіпсіздікті сенімді халықаралық-құқықтық бекіту проблемасы тек Еуропада ғана емес, бүкіл әлемде, оның ішінде Азияда да бар деп санаймын. Егер географиялық тұрғыдан айтар болсақ, еуропалық қауіпсіздік туралы біздің тұжырымымыз оған ЕҚЫҰ-ның барлық елінің, оның ішінде орталықазиялық, солтүстікамерикалық елдердің, сондай-ақ жер шарының осы бөлігінде осы салада жұмыс істейтін НАТО, Еуроодақ сияқты ұйымдардың қатысуын мазмұндайды. Дегенмен, еуропалық немесе еуроатлантикалық қауіпсіздік проблемасын шешкен соң, онымен тоқтап қалуға болмайды. Азиялық да қауіпсіздік керек, келешекте африкалық қауіпсіздік, т.б. да керек деп ойлаймын. Сондықтан да бұл бастамалар пайдалы және бірін-бірін толықтырады.

- ЕҚЫҰ Саммитінің 11 жыл өткізілмегені баршаға мәлім. Қазақстан желтоқсанның 1-2-сінде Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы келісімге қол жеткізіп отыр. Сіздің пікіріңізше, осынау шара қандай нәтижелер әкелуі мүмкін.

-1999 жылғы Ыстамбұлдағы саммитті дайындауға және оны өткізуге өзім де белсенді атсалысқан болатынмын, ол жақсы есімде. ЕҚЫҰ саммитін екі жылда бір рет өткізіп отыру туралы жоғары саяси деңгейге қол жеткізілген түсіністіктің де болғаны менің есімде. Бірақ содан бері 11 жыл өтті, биыл саммит өткізу туралы Қазақстанның бастамасы- өте батыл және салмақты қадам деп санаймын. Әрине, қиыншылықтар аз емес. Ол, ұйымдастыру мәселесіне, сондай-ақ қорытынды құжаттарды дайындау мәселесіне де қатысты. Дегенмен, Астананың шараны өз деңгейінде ұйымдастыра алатынына сенемін. Қазір мәселенің мән-жайына тоқталғым келіп отырған жоқ, себебі бұл Венада, мемлекеттердің елордаларында жүріп жатқан өте шетін және көпжақты келіссөз үдерісі. Нәтиженің біз күткендей мазмұнды болатындығына сенемін.

Соңғы жаңалықтар