20:02, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Астанада ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған гала-концертте батысқазақстандық «Назерке» би ансамблі өнер көрсетеді
АЛ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Астанада 15 желтоқсанда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ең басты гала-концертте Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Назерке» би ансамблі өнер көрсетеді.

Ансамбль жетекшісі Мирзада Сүндетқалиеваның айтуынша, ұжым биыл өзінің 15 жылдығын осындай үлкен табыспен атап өтпекші. Қазіргі таңда «Назеркеде» 16 биші еңбек етеді. Ансамбль репертуарында қазақ және басқа әлем халықтарының 50-ден астам биі бар. Дегенмен ең басты міндет - өз халқыңның өнерін паш ету. Ансамбльде Зәкия Жүсіпқали, Әлия Кенжетаева, Армат Сайлауов, Айбар Амандықовтар он жылдай уақыттан бері билеп келеді.
Елорда төрінде хорезм биін қою үшін дайындап жатқан «Назерке» көршілес Ресей облыстарына да үнемі концертпен шығып тұрады.