Астанада Елбасы Н. Назарбаевтың ел тәуелсіздігін қалыптастырудағы күрделі бейнесі «Терең тамырлар» аллегориялық драмасында сахналанды

Қоюшы режиссері - Нұрлан Жұманиязов. Қойылым ҚР Тәуелсізігінің жиырма жылдығына және тәуелсіздіктің бүгінгі кіндігі, бүгінгі символы - Астана қаласына арналып отыр.
Ұсынылып отырған спектакль оқиғасы - Астананың маңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей бастамасымен егілген, күні бүгінге жіті бақылауында тұратын орман алқабында өтеді. Орманның әр талынан бүгінгі қоғамның тыныс-тіршілігін, түрлі заманның, түрлі пікірдегі адамдар бейнесін көруге болады.
Ең бастысы сахнаға алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел тәуелсіздігін қалыптастырудағы күрделі де көркем сахналық бейнесін жасауға талпыныс жасалады. Аталмыш мерейтойлық спектакльді қойған Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актерлік ұжымы Елбасының ерiк-жiгерi мен қайраткерлiгiн сахналық образбен үндестіруді басты мақсұт тұтқан. Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсiздiгiмiздiң жасампаз қолбасшысы ретiндегi сахналық бейнесi театр өнер ұжымы үшін оңай соқпады, дейді драма театр актерлері.