12:19, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Астанада еліміздегі дін танушылардың ІІІ форумы өтеді
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - 13 қарашада Астанада еліміздегі дінтанушылардың ІІІ форумы өтеді. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Атап айтқанда форумға ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің, ҚР Білім және ғылым министрлігі және дінтанушылар Конгресінің өкілдері, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыспақ. «Қатысушылар біздің қоғамның өзекті діни мәселелерін, ең бастысы қазіргі Қазақстанның жетістігі - бейбітшілік, келісім мен жасампаздықты сақтап, оны нығайту жолдарын кеңірек талқылайды», - деді ресми өкіл.