Астанада еліміздегі ең үздік вайнер анықталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Nomad City hall театрының алаңына YouTube және Instagram-дағы қазақстандық сегменттің алдыңғы қатарлы жұлдыздары жиналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
None
None

Астана қоғамдық даму істері басқармасының бастамасы бойынша елордада «VineFest» жастар фестивалі өтеді.

«Төселген қызыл кілем, фотографтар мен софиттердің жарығы блогерлерге арналған «VineFest» астаналық ірі фестивалдің ұмытылмас атмосферасын сол күйінде жеткізеді. Әрбір келген қонақ өздерін шақырылған жұлдыздай сезінеді», - делінген хабарламада.

Шақырылған қонақтардың арасында: Нұрлан Батыров, Kartop.tv, VineFest-2017 жеңімпаздары - T_jokers, Жеңіс Иманғалиев және басқалары бар. Фестиваль шеңберінде автограф-сессиясы өтеді, онда кез келген адам қолтаңба алып, лотереяда бағын сынай алады. Сонымен қатар қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт қойылады.

Кеш көптен күткен және ең есте қаларлық оқиға - «Үздік вайнерге» дауыс берудің қорытындысын анықтаумен аяқталады.

Шара «Nomad City Hall» комедия театрында кешке сағат 17:00 басталады. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум