Астанада елімізді инновациялық индустрияландыру жөніндегі Елбасы тапсырмасын орындауға арналған Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресі өтті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Конгрестің күн тәртібіндегі негізгі тақырып - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 12-ші съезінде алға қойған экономиканы жаңғырту міндеті болды. Онда сөз сөйлеген кәсіпкерлер Қазақстанның бизнес қоғамдастығы Президенттің елімізді инновациялық индустрияландыру және дағдарыстан кейінгі дамыту жөніндегі тапсырмаларын асқан жауапкершілікпен қабылдайтындарын атап көрсетті. Конгреске қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру арқылы Қазақстан жаңа сынақтарды лайықты еңсеріп, экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру және бизнесті қайта құрып, әртараптандыру үшін қазіргі жаһандық қатерлерді пайдалана алатынын атап көрсетті. Баяндамашылар, қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстарды тыңдаған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Елбасының экономиканы индустрияландыру жөніндегі жаңа міндеттерін жүзеге асыру еліміздің дамуындағы келесі кезең болып табылады», деп атап көрсетті.«Бірінші толқын ? бәрімізді топтастырған біздің тәуелсіздігіміз болды. Екінші толқын ? тәуелсіздігіміздің символына айналған елордамыз Астананың құрылысы. Үшінші толқын - Мемлекет басшысының мамырдың 15-де «Нұр Отан» партиясының 12-ші съезінде сөйлеген сөзінен кейін басталды. Бұл Қазақстанды алға жылжыту ұраны аясында күш-жігерімізді біріктіре отырып елімізді жаңа қырынан индустрияландыру», деп атап көрсетті К. Мәсімов. Осы орайда Премьер-Министр жағдай қалыпқа келгенінше, барлық инвестициялық жобалар іске қосылғанша және олар өзін-өзі қаржыландырумен қамтамасыз етілгенінше алда тұрған міндеттерді орындау үшін Үкімет қазіргі таңда экономиканы қолмен басқарудың апталық режіміне көшкенін атап көрсетті. «Президент жүктеген жаңа міндеттерден кейін бүгін Сіздермен алғашқы ашық әңгіме жасап отырмыз. Мен Серік Нығметұлына (Вице-премьер-ред.) осы алаңда, басқа да алаңдарда айтылған барлық мәселелерді, ұсыныстарды топтастыруды тапсырамын. Содан кейін мүмкіндігінше айына бір мәрте бас қосатын боламыз. Мұндай пікірталастарды облыстарда да ұйымдастырған маңызды. Мен әкімдерге осындай жұмысқа қатысу жөнінде тапсырма беремін», деді Премьер-Министр. Үкімет басшысы «Атамекен» одағы, ұлттық холдингтер, даму институттары, банктер, қаржыгерлер қауымдастығы, барлығы инвестициялық жобаларды ұтымды орналастыру картасын әзірлеуге және бұл жұмысқа қатысуға аса қызығушылық танытып отырғанын атап көрсетті. Айта кетейік, ресурстары бар инвестициялық жобалардың теңгермелігін қамтамасыз ету үшін Үкімет қазіргі таңда өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру картасын дайындап жатыр. Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік холдингтердің ұсыныстары негізінде осындай жобалар сұрыпталып, жалпы құны ? 8,5 трлн. теңгенің жүзеге асырылып жатқан және жүзеге асырылуы жоспарланып отырған 382 жобадан тұратын қоржын жасалды. Оларға алдын-ала сараптама жасалды. Экономика министрлігінде «Қазақстанның инвестициялық картасы» ақпараттық жүйесі құрылды. Оның базасында инвестициялық үдерістерді басқару жүйесі құрылатын болады.
Соңғы жаңалықтар
telegram