Астанада ең танымал полицейге - ҚР спортшысына медаль тапсырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ең танымал полиция полковнигі, ІІМ құрама командасының капитаны Серік Нұрғалиевке «Қазақстанда полицей бауырмалдығы идеясын ілгерілеткені үшін» медалі тапсырылды.

Астанада ең танымал полицейге - ҚР спортшысына медаль тапсырылды

Бұл туралы Халықаралық полицейлер қауымдастығының қазақстандық филиалынан хабарлады,

Марапатты Халықаралық полицейлер қауымдастығы қазақстандық филиалының президенті Марат Нұрғалиев тапсырды.

«Баршаға белгілі, запастағы полиция полковнигі Серік Нұрғалиев Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әлемнің он мәрте чемпионы және рекордшысы, құқық қорғау органдары арасындағы Еуропа чемпионы, құқық қорғау органдары арасындағы әлемдік біріншіліктердің 31 алтын, 5 күміс және 3 қола медальдарының иегері», - деп атап өтті Халықаралық полицейлер қауымдпастығында.

 «Қазіргі кезде команданы 2017 жылы жазда Монреаль қаласында (Канада) өтетін келесі Бүкіләлемдік құқық қорғау органдары олимпиадасына күшейтілген түрде әзірлеу жүріп жатыр», - деп хабарлады ҚР ІІМ құрама командасының капитаны С.Нұрғалиев.