Астанада ең үздік әлеуметтік жобалар анықталуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» атты Астана қалалық конкурқа 14 әлеуметтік жоба келіп түсті.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ольга Демушкан мәлімдеді.

«Бүгін біз конкурстың қалалық іріктеу кезеңін өткіземіз. биылғы мамырдан бүгінге дейін 14 әлеуметтік жоба келіп түсті. Оларды қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, мүмкіндігі шектеулі адамдардың бірлестіктері мен қауымдастықтары, заңды тұлғалар жүзеге асырып келе жатыр», - деді ол.

О. Демушканның айтуынша, сайысқа қатысып жатқан әлеуметтік жобалардың барлығы мүгедектерге, зейнеткерлер мен жалғызбасты аналарды қолдауға арналған.

Айта кетейік, іріктелген ең үздік әлеуметтік жоба ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастыратын республикалық көрмеге қатысады.

Соңғы жаңалықтар