Астанада ер адам ажырасқан әйелін бензин құйып, өртеп жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы №25 мектептің мұғалімін бензинмен өртеп жіберген бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«26 мамырда Астана қаласы ІІД-нің жедел басқармасының орталығына сағат 9 кезінде белгісіз біреудің Ы. Алтынсарин көшесі бойындағы тұрғын үйдің жанында әйелдің үстіне бензин құйып, өртеп жібергені туралы хабар келіп түсті»,-делінген ІІД мәліметінде.

Аталған азаматшаның бет, мойын, кеуде және арқа терісін күйік шалған. Қазіргі кезде оған қажетті ем-дом шаралары жасалуда. Аталған факті "Кісі өлтіруге қастандық жасау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

«43 жастағы күдікті анықталды. Ол аталған әйелдің бұрынғы күйеуі болып шықты. Бұдан бұрын осы ер адам ішкі істер органдарында отбасында жанжалды жиі жасайтындар санатында есепке алынған екен және бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау бойынша барлық шараларды жасауда»,-деп атап өтті ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар