Астанада ер адамдарсыз өмір туралы фильм түсірілуде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Все из-за мужиков» комедиялық фильмінің түсірілімі аяқталуда, онда үш жігіт тек әйелдер ғана тұратын Қазақстан елордасына тап болады.
None
None

Түсірілім барысын көрсету үшін ҚазАқпарат тілшісі шақырылған болатын.

«Барлығына еркектер кінәлі деп жатады ғой. Расында, барлығына тек осы еркектер кінәлі болады ма? Біз осыны анықтағымыз келді», - дейді фильм продюсері Александр Суслов.

Картина кейіпкерлері әйел әлемінде болып қайтады. Оларды мұнда төбелеріне көтеріп, аса қастерлейді. Бастапқыда бұл оларға жұмақ орны секілденеді, алайда барлығы олар ойлағандай керемет емес екен. Жігіттер қыздардың арасында пір болғылары келеді ме, әлде бұрынғы өмірлеріне қайта аңсауға көшеді ме!? 

Фильм авторлары комедия өте күлкілі болады деп сендіруде. Сюжетте көрермендер үшін тосын оқиғалар орын алады. Кинолента бойынша бір ай бойы, күніне 12 сағат, 50 адамнан құралатын түсіру тобы еңбек етуде. Продюсер Александр Сусловтың айтуынша, түсіру кезінде кинокоманда кадрға бірде-бір ер кісінің бейнесі еніп кетпеуін қадағалап отырған.

«Бізге Астананы аздап «өзгертуге» тура келді. Оны әйелдер қаласына айналдырдық. Кейбір элементтер компьютерлік графикамен толықтырылады. Түсіру өте қиын болды, әсіресе көшеде жүріп бара жатқан кездер ерекше ауыр түсті. Кадрда ер кісілер болмауы үшін жолдарды жабу керек болды. Қыздар әлемін ерекше жарық етіп көрсету үшін біз кейбір көліктерді сары, жасыл, қызғылт түске «бояймыз», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның сөзіне қарағанда, фильмге түсетін актерлер жіті іріктеуден өткен.

Нәтижесінде фильмге Мұрат Бисенбин («Рэкетир»), Тәуекел Мүсілім («Махаббатым жүрегімде»), Жәния Журинская («ВУЗеры»), Данияр Алшынов («Ничего личного»), Сая Оразғалиева («ВУЗеры»), Әсел Акбарова («Зауал»), Темірxан Асылбек таңдалып алынған.

Данияр Алшынов мамандығы бойынша аэроғарыш инженері. «Ничего лишнего» телеxикаясында алғаш рет киноға түсті. Каскадерлердің жеделдетілген курстарынан өтіп, Ақан Сатаевтың «Районы» фильмінде жұдырықтасу саxналарына қатысады. «Все из-за мужиков» фильмінде ол тек қана қыздар тұратын әлемге түскен бақытты үш жігіттің бірін сомдайды.

«Меніңше, мен сомдайтын кейіпкер барлығына жақын, себебі ол - қарапайым жігіт. Оның бойында өркөкіректік жоқ. Мен өзім қатты байыпты жігіттің рөлін жасауым керек, бірақ оқиғалар өте күлкілі», - дейді актер.

«Данияр Алшынов пен Жәния Журинская «Ничего лишнего» телеxикаясында көрермендер көзайымына айналған болатын. Осы екі кейіпкердің сюжеттік желісін бірден осыларға арнап жазылды. Бұлар өз ісінің шеберлері», - деп атап өтті Александр Суслов.

Өз кезегінде Инстаграммдағы танымал видеоблогер Темірxан Асылбек шетелден келген ұсыныстан бас тартып, қазақстандық фильмге түсуге келісімін береді. «Ол маған қоңырау шалып: «Бұл менің барлық өмірімді өзгертетін рөл шығар?» деп сұрады. Сосын ол біз үшін фильмнің бірқатар тұстарын сомдап берді, біз оны шақырдық. Ол Малайзияға ұшаққа отырайын деп жатқан еді, дегенмен бізді таңдап, Астанаға келді. Ол өзінің рөлін жақсы алып шықты, өкініп қалған жоқпыз», - дейді А. Суслов.

Жоба режиссері Виктор Бормотов актерлердің шеберлігін атап өтті және түсіру тобын мақтады.

«Бұл  - менің режиссер ретіндегі тоссыннан болған алғашқы тәжірибем. Қазақстанда жұмыс істеген маған қатты ұнайды, себебі мұндағы адамдардың көздері «жанып тұр». Бізге Қазақ өнер университетінің студенттері көмектесуде. Олар барын салып, біздің жобамыздың сәтті орындалуына қолдан келер барлық көмектерін аямауда», - дейді ол.

Комедияның алғашқы көрсетілімі 2017 жылдың көктемінде өтеді деп болжануда. Продюсер оның премьерасы 8 наурызда да өтуі ықтимал екендігін жасырмады. Оған фильм желісі де сай келеді. 

null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар