Астанада ерікті жастар егделерге компьютерлік сауаттылықты үйретеді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Компьютер және интернет-сауаттылық бойынша тегін білім беретін «Интернет сіз үшін/Internet4U» жобасы Қазақстанда 2015 жылдың маусымында басталған еді. 2016 жылдың маусым айынан бастап Алматы, Астана және Атырау қалаларында да іске қосылды. Сондай-ақ биылғы жылдың күзінде Ақтау қаласында жастар ресурс орталығының базасына да орталық ашу жоспарлануда.
None
None

Жобаның негізгі мақсаты - азаматтардың еңбекпен қамтылу және жұмыс орнын сақтап қалу мүмкіндіктерін арттыру, халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарының өмір сапасын жақсарту. Бұл әлеуметтік жоба қазақстандықтардың компьютерді және интернетті пайдалану, негізгі қаржылық және бизнес сауат негіздері бойынша тегін білім беруді қамтиды.  

Жобаның маңызды ерекшелігі жастарды ертікті үйретуші ретінде жұмысқа тарту болып табылады. Бұл ұрпақтар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз септігін тигізеді. Қазір ерікті үйоетушілікке орташа жасы 21-дегі жүзге жуық жастар қатысуда. Олардың көпшілігі ғаламторды, әртүрлі қосымшалар мен гаджеттерді пайдалану бойынша курстардың қатысушыларына дәріс береді.

Сондай-ақ жоба аясында қазақстандықтарды бизнес ашуды және кеңейтуді үйретуге бағытталған бизнес-вебинарлар жүргізілді. Жоба аясында 2016 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында  жеке бизнесі бар 42 адам оқытылды. Білім алушылардың дені орташа есеппен 35 жас аралығындағы әйелдер. Бизнес деңгейді кәсіпкерлік саласындағы танымал сарапшылар оқытады.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстандағы жұмыссыздар саны 450 мың адамға жетті. Экономикалық белсенділігі төмен халық саны 3,6 млн астам. Еліміздегі экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты бұл сандар әлі де өсуі мүмкін, бұл тұрғыда қазақстандықтардың цифрлендіру саласындағы машықтарын арттыру бүгінгі күннің көкейтесті мәселесінің бірі.

Курс тыңдаушылары жасы да мамандығы да алуан түрлі адамдар - жұмыссыздардан бастап, цифрлендіруге байланысты қатарынан қалып қойған дипломды тәжірибелі мамандар да бар. Тыңдаушылардың едәуір бөлігі 35-49 жас аралығындағы жұмыссыз әйелдер, олар үшін компьютермен жұмыс жасау білу және тәжіриесі жалақысы жоғарырақ жұмыс табуға септігін тигізеді.

Сонымен қоса, жобаға білім және медицина қызметкерлері қызығушылық білдіруде, тәжірие көрсеткендей осы сала мамандары арасында компьютерлендіру өте төмен деңгейде. Алайда осы мамандықтар үшін компьютермен және интернетпен жұмыс жасау машықтарының маңызы күннен күнге артуда.

Астанада  «Интернет сіз үшін/Internet4U» курстары 2016 жылдың 1 маусымда басталды және тестілік кезеңнен өткен болатын. Пилоттық кезең бұл жобаның елордада қажеттлігін және өміршеңдігін көрсетті.  Internet4U командасы компьютерлік және интернет білім жас мөлшеріне тәуелсіз барлығына қолжетімді болуы тиіс деп санайды және елорда тұрғындарын осы игі жобаға волонтер және тыңдаушы ретінде қатысуға шақырады. Астанада жоба кемінде 2016 жылдың соңына дейін жалғасады. Жоба аясында 200  астам адамды оқыту жоспарлануда.   

Білім беру Internet4U кеңсесінің екі алаңында жүргізіледі. Тамыз айынан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Отырар» ғылыми кіапханасының базасында курстар ашылады. 2016 жылдың күзінде бірнеше жоғары оқу орындарының базасында жаңа білім беру пункттерін ашу күтілуде.  

Жоба басталғаннан бері 820 адам білім алды, орташа жасы - 51. Оларды ішінде 178  -  білім беру және медицина қызметкерлері, 397 - жұмыссыздар, 25 - декрет демалысындағы және осы кезеңді цифрлік сауаттылығын арттыруды қалайтын әйелдер.  Біліктілікті талап етпейтін, ауыр еңбекпен айналысатын адамдардың 48 курс бойынша білім алды. Еңбекпен қамтылған және жеке кәсіппен айналысушы 122 адам. Сонымен қоса, зейнеткерлікке дейінгі және зейнеткерлікке шыққан адамдар да бұл жобаға қызығушылық білдіруде. Курс тыңдаушылардың орташа жасы - 51. Алматыда курсқа қатысуға өтінім білдіріп, кезегін күтіп жүргендер саны 500 жуық.

Жоба аясында қатысушылар Skype, интернет-браузерлер, интернет-дүкендер, Office жиынтығы (Word, Excell, PowerPoint және басқа)  базалық бағдарламаларды меңгереді. Жалпы алғанда курс тыңдаушылары екі деңгейде 22 тақырыпты жоба ұйымдастырушылары курс бағдарламасын құру кезінде қатысушылардың тілектерін де ескереді. 

«Интернет Сіз үшін/Internet4U» жобасын «Интернет Үйде» брендімен 2DayTelecom және Beeline және  Chevron компанияларының қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асырады. Жобаға сонымен қатар Маңғыстау, Атырау облыстарының әкімшіліктері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Отырар» ғылыми кітапханасы қолдау білдірді.

Ақпараттық теңсіздікті жою, интернеттің ену деңгейін ұлғайту - экономиканың бәсекелестік қабілетінің арттыру және адами капиталды дамытудың негізгі факторлары екені белгілі. Жобаның аяқталуына қарай Қазақстанның экономикалық көшбасшы үш аймағының 2000 астам тұрғыны компьютерлік және интернет-сауаттылығын арттырады. 

null null  

Соңғы жаңалықтар