Астанада Еркін Жуасбектің Тәуелсіздік жылдарына негізделген «Терең тамырлар» драмасының тұсаукесері болады

ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Еркін Жуасбектің «Терең тамырлар» аллегориялық драмасының тұсаукесері болады.
None
None

Қойылымның режиссері - Нұрлан Жұманиязов. Басты рольдерді - орманшы Жайнақты - ҚР еңбек сіңірген артисі Ақыш Омар, Елбасын Қуандық Қыстықбаев, Президенттің көмекшісін Сырым Қашқабаев сомдайды.

Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қойылым мақсаты - қоғамдағы түрлі ой-пікірлер тәуелсіздік тақырыбының төңірегінде тартысқа түсетіндей оқиғаға ұласып, театр және спектакль үлгісімен көрерменге ел тәуелсіздігі мен сол егемендікті нығайту мақсатындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін паш ету.

Шығарманың қысқаша мазмұнына тоқталатын болсақ, қойылым оқиғасы Астана қаласының маңындағы орман ішінде өтеді. Осы орманда Жайнақ атты орманшы ағаштарды күтіп, баптайды, емдейді. Ал, Астана орманының жағдайын біліп тұруды қызметтік әдетке айналдырған Елбасы осы жолғы келісінде Жайнақ ақсақалмен кездесіп қалады. Екеуара әңгіме үстінде орманшы «орман да адам сияқты», сондықтан Президентті орманның «сырын» білу үшін түн ішінде аралауды ұсынады. Президент келіседі. Түн ішінде өтетін ары қарайғы оқиғада орманның әрбір талының «бейнесі» арқылы қоғамдағы небір түрлі «кісілерді» көреміз. Іштерінде опозиционер де, «жаңа қазақ» аталып кеткендер де кездесетін әрбір көрініс, бүгінгі күннің шынайы келбетіне ұласады.

Соңғы жаңалықтар