16:51, 18 Сәуір 2014 | GMT +5
Астанада Еуразиялық медиа-форум өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 24-25 сәуірде Еуразиялық медиа форумның он екінші конференциясы өтеді.
Қазақстан - ежелгі өркениет құндылықтары, мәдени, экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық байланыстары Шығыс пен Батысты біріктіретін, Еуропа мен Азияны байланыстыратын жер.
Астана - Шығыс пен Батыс мәдениетін үйлестірген бірегей қала. 1999 жылы шілдеде Астана ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығын иеленді.
Еуразиялық медиа форум екі күнге созылады.