Астанада EXPO көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 шілдеде Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесі мен EXPO көрмесін дайындау және оны өткізу кезеңінде қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды қабылдауға арналған ведомствоаралық комиссияның бірлескен отырысы өтеді.
None
None

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыстың күн тәртібінде ««EXPO 2017» кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл» мәселесі көтеріледі.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Астана қаласының әкімі, үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігі, министрліктер мен ведомстволардың, елорда әкімдігінің жауапты қызметкерлері, сонымен қатар ұлттық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысады.

Отырыста EXPO көрмесін дайындау және оны өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын, соның ішінде көрме объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу мәселелерін, өткізілетін іс-шаралардың техникалық қамтамасыз етілуі, сонымен қатар елордадағы қылмыстылық ахуалы мен жолдардағы апаттылық мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар