Астанада EXSPOxEXPOS «жиһангер көрмесі» ашылды

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада EXSPOxEXPOS «жиһангер көрмесі» ашылды.
None
None

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаевтың сөзіне қарағанда, бұндай көрме елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл шара бірінші кезекте, Қазақстан азаматтарына 2017 жылы Астанада EXPO халықаралық көрмесінің өткізілуі еліміздің дамуына қандай мүмкіндіктер беретіндігін көрсетеді. «Біз таяу күндері Халықаралық көрме бюросына (ХКБ) көрмені өткізуге кандидат қаланың мәлімдемелік құжаттамасын ресми түрде енгіземіз», - деп тоқталды А. Қазыбаев.

Төрағаның айтуынша, бүгінде көрме қалашығының макеттері мен нұсқалары дайын тұр.

Айта кетейік, «жиһангер көрмесі» EXPО-ның даму тарихы жайында хабардар етуге, сондай-ақ ХКБ-ға мүше елдердің арасында барлық салалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге негізделіп отыр. Бұл көрме Астанаға келерден бұрын Шанхай, Льеж, Сеул және басқа да ірі қалаларда болды.

Соңғы жаңалықтар