Астанада «Ғылым-Индустрия-Инновация» атты техникалық кеңесі өтеді

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 18 ақпан күні Л. Гумилев атындағы Eуразия ұлттық университетінде «Ғылым-Индустрия-Инновация. Өнеркәсіптің ғылыми міндеттерін инновация арқылы шешу. Энергия тиімділігін арттыру» тақырыбында республикалық ғылыми-техникалық кеңес өтеді.
None
None

Аталған кеңес ЕҰУ-дың Инновациялық паркінің бастамасымен өткелі отыр. Бүгінде ол жерде Қазақстанның балама энергетикасын дамытудың қолайлы бағдарламасы жасалуда. Осыған орай, Еуразия ұлттық университетінде өтетін техникалық кеңес Инновациялық паркінің тұсаукесерінен басталады. Бұдан кейін газ үлгісіндегі отынды жағудың қазіргі заманғы жоғары тиімді, энергия-экологиялық технологиясы, ескірген үстіңгі жұмыс қабатын (роторлар, біліктер және т.б.) газоплазмалық, плазмалық, лазерлік қалпына келтіру әдістері, тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі энергия үнемдейтін озық технологиялар, жылумен жабдықтау жүйесін бақылаудың жедел дистанциондық кешені, ластанған металлургия бұйымдарының үстіңгі бетін тазартатын бос қуыстық-доғалық жабдықтарын жасау және оны өңдеу технологиясы сияқты мәселелер қаралатын болады.

Кеңес жұмысына ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау, осы саланың мамандары мен ғалымдар қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар