Астанада Халық әртісі Қайрат Байбосыновқа арналған музыкалық кеш өтті

АСТАНА. KAZINFORM - Биыл 26 қыркүйекте Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында дәстүрлі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосыновтың 75 жас мерейтойына арналған музыкалық кеш өтті.

концерт, Астана, Кайрат Байбосынов
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

концерт, Астана, Кайрат Байбосынов
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Концерттік бағдарламада әншінің репертуарындағы халық әндері мен төл туындылары шырқалды. Көрерменге оның ұлттық өнерге қосқан баға жетпес еңбегі мен өнегелі жолы насихатталды.

концерт, Астана, Кайрат Байбосынов
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

-Әншінің шығармашылығы қазақ музыкасының тарихындағы тұтас дәуірді қамтиды. Ол ұмыт болған, сирек орындалатын халық әндерін қайта тірілтіп, тыңдарман жүрегіне жеткізе білді. Сонымен қатар қазақ өнерінің абыройын алыс-жақын шет елдерде де асқақтатты. Атап айтқанда, АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Испания, Италия, Түркия, Қытай, Бирма, Сингапур сынды мемлекеттерде өткен концерттік сапарларында ұлттық ән өнерін таныстырып, шетелдік көрерменнің ыстық ықыласына бөленді,-делінген хабарламада.

концерт, Астана, Кайрат Байбосынов
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шарада мерейтой иесінің замандастары, Қырғызстан, Қазақстан Халық әртістері, Мәдениет қайраткерлері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары өнер көрсетті.

Осыған дейін Астана концерт пен жаһандық іс-шаралардан қалай табыс табатыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар