Астанада халықаралық HR-конференция өтеді

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Алдымыздағы аптада Астанада VIII халықаралық «Адам ресурстарын басқару: III мыңжылдықтың HR-трендтері» атты конференция өтеді.
None
None

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайты хабарлады.

2013 жылғы конференция Қазақстандағы ІІІ мыңжылдықтағы көкейкесті HR-трендтерді дамыту мәселелеріне бағытталатын болады. Конференция қазақстандық және шетелдік компаниялардың анағұрлым тиімді еңбек қатынастары үлгісін көрсетіп, таратуға мүмкіндік береді.

Конференция аясында Республикалық «Cенiм 2012» конкурсының қорытындылары жарияланып, онда 7 аталым бойынша Қазақстан Республикасының үздік жұмыс берушілері анықталады. HR-менеджерлері Ассоциациясы мен «Самұрық-Қазына» Корпоративті университеті жыл сайын өткізетін конкурсқа Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы, «KAZENERGY» Ассоциациясы, «Әлеуметтік серіктестік орталығы» КҚ қолдау көрсетеді.

Конференцияны ұйымдастырушы - «Самұрық-Қазына» қоры.

Соңғы жаңалықтар