Астанада халықаралық іздеуде жүрген сотталушы ұсталды

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Екібастұз ІІБ іздестіру бөлімі қызметкерлерінің жіті қимылының арқасында Астанада халықаралық іздеуде жүрген сотталушы ұсталды,

Астанада халықаралық іздеуде жүрген сотталушы ұсталды

деп хабарлады Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйе департаментінен.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД басшысы Борис Гаврилюктың сөзіне қарағанда, 1983 жылғы сотталушы 2012 жылдың шілдесінде Шідерті кентінде орналасқан қабылдау орналастыру түзеу мекемесінде жазасын өтеуден (тонағаны үшін 7 жылға сотталған) жалтарған. Сотталушыға халықаралық іздеу жарияланды.

ҚР ҚК-нің 359 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түзеу мекемесіне оралмағаны үшін сотталушы екі жылға түрмеге отыруы мүмкін, деп хабарланды ІІМ ҚАЖД-нің баспасөз қызметінен.